Әлем • 24 Мамыр, 2021

Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір мутациясы анықталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияда ерекше ген комбинациясы бар коронавирустың жаңа «үш есе мутациясы» табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір мутациясы анықталды

Йоркширдегі вирусолог мамандар коронавирустың жаңа түріне VUI-21MAY-01 немесе AV.1 деп аталатын гендердің ерекше комбинациясы тән екенін айтты.

Бүгінде елде жаңа штамды жұқтырған 49 жағдай анықталған. Олар негізінен Йоркшир мен Хамберде. Бірақ оның вирустың басқа түрлеріне қарағанда тез тарайтыны немесе вакциналарға иммунитеті туралы ешқандай дәлел жоқ. Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі қазіргі уақытта жаңа мутацияның таралуын зерттеп жатыр.

Ғалымдардың айтуынша, вирустың таралуын өлшейтін R көрсеткіші қазір 0,9-дан 1,1-ге дейін көтерілген. Өткен аптада ол 0,8 болған. Ұлыбритания билігі коронавирус инфекциясының кез келген мутациясының таралуын болдырмауға көмектесетін қатаң шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Шеффилдтегі Қоғамдық денсаулық сақтау директоры Грег Фелл VUI-21MAY-01-ді әріптестерімен бірге бақылап отырғанын, сондай-ақ штамның таралу жылдамдығы туралы мәлімет жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, Ұлыбританияда пандемия кезінде СOVID-19-дың бірнеше нұсқасы анықталған. B. 1.1.7 деп аталатын «ұлыбританиялық» штамм былтыр табылды. Коронавирустың бұл штамы бұрынғыға қарағанда 64 пайызға қауіпті екені айтылған болатын.