Спорт • 24 Мамыр, 2021

Стенд ату: Италиядағы турнирден Қазақстан командасы екі күміс еншіледі

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стенд атудан Қазақстан командасы Италиядағы халықаралық турнирде екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Стенд ату:  Италиядағы турнирден Қазақстан командасы екі күміс еншіледі

«Трап» жаттығуы бойынша өткен сында шымкенттік Анастасия Прилепина күміс медальға ие болды.

Осы бағдарлама бойынша ерлер арасындағы бәсекеде қызылордалық Әлішер Айсалбаев екінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұған дейін Амалия Кудрявцева «скит» жаттығуы бойынша қола жүлдегер атанған болатын.  «Трап-микс» жаттығуы бойынша Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов алтын медальға қол жеткізді.