Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Қызылордада он жасар қыз суға батып кетті

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада он жастағы қыз бала каналға суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада он жасар қыз суға батып кетті

Оқиға кеше, 24 мамырда сағат 18:12 шамасында болған. Облыс орталығындағы С. Асфандияров көшесінің аяқ тұсындағы каналға 2011 жылы дүниеге келген қыз бала суға батып кеткен.

«Аталған аумақта суға түсуге рұқсат етілмеген. Қыз баланың денесін атасы судан шығарып алған. Оқиға орнына облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 6 қызметкері мен 2 техникасы барды», деп мәлімдеді Қызылорда облысы ТЖ өкілдері.