Экология • 25 Мамыр, 2021

Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық тәркіленді

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш көлінде жүргізілген браконьерлерге қарсы арнайы операция кезінде 6 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық тәркіленді

Сондай-ақ полиция қызметкерлері балықты заңсыз аулағандардан 200 шақырымнан астам ау табылғанын айтты. Бұдан бөлек, браконьерлерден 4 қайық тәркіленді.

Осы деректердің негізінде Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал заңсыз ауланған балықты саудаламақ болғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.    

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25