Спорт • 25 Мамыр, 2021

Паражүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиев елге келді

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара жүзуден Еуропа ашық чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Паражүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиев елге келді

Спортшыны әуежайда жақындары мен әріптестері күтіп зор құрметпен қарсы алды.

Айта кетейік, жарыс 16-22 мамыр аралығында Португалияның Мадейра аралында өтті. Оған әлемнің 47 елінен 380 спортшы қатысқан. Соның ішінде Сиязбек Далиев баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

«Бастапқы екі күнде оңай болған жоқ, қиын болды. Жарыста тек финалда шығуға мүмкіндік болды. Содан кейін өзімнің дистанциямда үшінші күні алтын медальға ие болдым. Ендігі Параолимпиада ойындары бізге дайындық болады. Оқу жаттығу жиындары жүргізіледі. Халықаралық турнилар болады. Солардың бәріне қатысып, одан кейін Токиоға дайындық болады», деді Сиязбек Далиев.