Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағайдағы №6 қалалық жағажай маңынан суға батып бара жатқан 5 жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды

Оқиға кеше сағат 15.25-те болған. Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын шолу кезінде №6 қалалық жағажай ауданында суға батып бара жатқан жастарды байқаған.

«Жедел құтқару жұмыстары нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім шығарлды. Олардың бірі ес-түссіз күйде болған. Реанимация шараларынан кейін қыз есін жиған және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», делінген хабарламада.

Кейін жасөспірімдердің  Алматы қаласынан демалысқа келгені анықталды.

Алматы облысының ТЖД өкілдері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу;

Суға мас күйде түспеу;

Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;

Ағысы қатты жерлерде суға түспеңіз;

Егер судың температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз;

Жүзу тақталарын, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз;

Жағадан алыс жерде үрлемелі төсеніш немесе баллондарда жүзуге болмайды;

Балаларға суға түсуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;

Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35