Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапарымен барды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапары барысында жергілікті полицияның жұмысымен танысып, құқық қорғау саласының техникалық мүмкіндіктерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапарымен барды

Ерлан Тұрғымбаев өңірдегі қылмыстың ахуалы тұрақты қалыпта екенін атап өтті.

«Жергілікті полиция қызметін жетілдірудегі біздің басты міндетіміз азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан, ұлттық сервистік моделінің негізгі тұлғасы – учаскелік полиция инспекторының тиімді қызмет атқаруы үшін біз барлық жағдайларды жасауды жалғастыратын боламыз», деді Ішкі істер министрі.

​Облыстық ПД жеке құрамыымен кеездескен соң министр облыс орталығындағы жиырма төрт мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін «Набережный» тірек бекетіне ат басын бұрды. Ерлан Тұрғымбаев құқық бұзушылықтың алдын алуда жергілікті шерифтердің жұмысы өте маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев полиция бөлімдерінің техникалық тұрғыда нығайтылу жағдайын және жедел басқару орталығының жұмысын тексерді.

Ол 211 бейнебақылау камерасын, соның ішінде «Қауіпсіз аула» жобасы аясында тұрғын үй аулаларында орнатылған 60 бейнекамераны қамтиды.
Бұл камералардың көмегімен жыл басынан бері 60 қылмыс ашылды және 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бейне камералар санын ұлғайту нәтижесінде облыс орталығында көше қылмыстарын 40 пайызға дерлік төмендетуге қол жеткізіліп отыр.