28 Сәуір, 2010

ФРАНЦУЗ ДЕПУТАТЫМЕН ӘҢГІМЕ

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Партияның Орталық аппараты кеңсесінде “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Франция Рес­публикасы Парламенті Ұлттық Ассамблеясының депутаты, “Ха­лық қозғалысы үшін одағы” пар­тия­сының халықаралық істер жөнін­дегі өкілетті өкілі Тьерри Марьянимен кездесті, деп хабар­ла­ды осы пар­тия­ның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин партия жұмысының басым бағыттары туралы, Қазақ­стан Республикасының Прези­денті, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның алдына қойған мақсат-міндеттері жайлы баяндады. Тараптар басқарушы екі пар­тияның: “Нұр Отан” халық­тық-демократиялық партиясы мен “Ха­лық қозғалысы үшін одағы” партия­сы арасында жақын қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Айталық, партиялар арасында Ын­ты­мақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылды, екі партия да мүше­сі саналатын Орталықтан­дырылған интерна­ционал демократиялық пар­тиялар атқарушы комитеті аясында белсенді іс-әрекет таны­тып келеді.  Сондай-ақ, болашақта жүзе­ге асырылатын басым бағыт­тар сөз болып, екі жақ­ты әріп­тестіктің одан әрі кезеңмен дами беретініне сенім білдірілді. Өз кезегінде Т.Марьянни Қазақстанның Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықты, ЕҚЫҰ кеңіс­тігінде қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.