Daily Mail басылымының мәліметінше, Шекспирдің өліміне вакцинаның қатысы жоқ. Ол бұған дейін инсультпен ауырып жүрген, басты себеп осы болуы мүмкін деп жазады.
Ер адамға Pfizer вакцинасы 2020 жылдың желтоқсанында Ковентри Университетінің ауруханасында егілген.
81 жастағы ер адам ауруханада инсульттан көз жұмды деп хабарланды. Шекспирдің әйелі оның күйеуі әлемде алғашқылардың бірі болып вакцина алғанына мақтанатынын айтты.
«Уильям Шекспир әлемде алғашқылардың бірі болып вакцина алғанына мақтанатын еді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан әлемдегі көптеген адамдардың вакцина салдырғанын көріп қуанатын», деді әйелі.