Елорда • 26 Мамыр, 2021

Елордада бағдаршамды сындырған жасөспірім ұсталды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бағдаршамды қасақана сындырған жасөспірім видеоға түсіп қалды. Енді 15 жастағы жасөспірім әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бағдаршамды сындырған жасөспірім ұсталды

Полицияға бағдаршамды сындырған жасөспірім туралы куәгерлер хабар берген. Оқиға Қарасай батыр көшесіндегі «Забава» дүкені маңында болған.

Бағдаршамға «шабуылдау» сәті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Мектеп оқушысы көп ұзамай ұсталды.

«Кәмелетке толмаған бала Сарыарқа ауданы ПБ-ға жеткізілді, онда жасөспірімнің ата-анасы да шақырылды. Заңды өкілге қатысты әңгіме жүргізілгеннен кейін ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Елордалық Полиция департаменті бұзақылық әрекеттер мен мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік барын еске салады», деді полиция өкілі.