27 мамыр таңғы сағат 8:00-ден 28 мамыр таңғы сағат 8:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Жароков - Березовский - Розыбақиев - Өтепов көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.
Сонымен қатар «Алмагүл» және «Қазақфильм» ықшамаудандарында да болмайды.
«Қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілді. Тұрғындардың жағдайға түсінікпен қарауын өтінеміз», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.