Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Алматыда қара топырақты заңсыз алғандар жауапқа тартылды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қара топырақты заңсыз алу фактілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қара топырақты заңсыз алғандар жауапқа тартылды

Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты мамандандырылған экологиялық полициясы, жедел уәкілетті органдармен бірлесіп қоршаған ортаны қорғау бойынша алдын алу шаралары барысында жердің құнарлы топырақ қабатын заңсыз алу фактілерін анықтады.

Полицияның мәліметінше, белгісіз адамдар құнарлы топырақ қабатын заңсыз алу бойынша белсенді жұмыс жүргізген.

«Түрксіб ауданының аумағында олар қара топырақты, грунтты және балласты рұқсатсыз алу жұмыстарын жүргізген. Жердің заңсыз қазылған топырағы негізінен құрылыс жұмыстарына шикізат ретінде қолданылады. Бұл факт бойынша қаланы абаттандыру ережесін және инфрақұрылым нысандарын бұзғаны үшін, жасыл алқаптарды қиратқаны және бүлдіргені үшін ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы, ҚР ӘҚбК-нің 386-бабына сәйкес іс-шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта аталған заң бұзушылықтарға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда», деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сонымен қатар, осындай фактілер қаланың Алатау, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарында анықталғанын жеткізді.

Кінәлілер ҚР-ның заңнамасына сәйкес жазаланды.