Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Жезқазғанда мыс қорыту зауытынан өрт шықты

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған  қаласында мыс қорыту зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ сілтеме жасап.

Жезқазғанда мыс қорыту зауытынан өрт шықты

«27 мамыр күні сағат 08-53-те «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның Жезқазған мыс қорыту зауытында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Мыс қорыту цехындағы трансформатордың өртенетін бөлігі, шамамен 100 шаршы метр аумаққа төгілген май жанған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мыс қорыту цехындағы өндірістік процесс уақытша тоқтатылды», деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің айтуынша, өртті сөндіруге Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 26 маманы мен 7 техникасы, сонымен қатар «Серіктес» ЖШС-нің өрт сөндіру қызметінің 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025