Қоғам • 27 Мамыр, 2021

Атырау-Амстердам рейсі қайта ашылады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Нидерланд үкіметінің жыл басындағы шектеулері салдарынан тоқтатылған Атыраудан Амстердамға қатынайтын тікелей рейсті қайта қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау-Амстердам рейсі қайта ашылады

Рейс аптасына бір рет әр бейсенбі сайын Airbus A321 ұшағымен орындалады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша Атыраудан таңғы сағат 05:40-та ұшып, Амстердамға 07:50-де қонады. Ал Амстердамнан 11:50-де ұшқан ұшақ Атырауға жергілікті уақыт бойынша 19:40-та келеді. Ұшу уақыты – 5 сағат 10 мин және 4 сағат 50 мин.

Атырау-Амстердам рейсі қазір әр сәрсенбі сайын орындалып жатқан Атырау-Франкфурт рейсін толықтырмақ.