Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Атыраулық келіншек алтыншы перзентін инфекциялық стационарда босанды

993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 балалы ана​ Нұргүл Оңғарбаева инфекциялық стационарға жүктіліктің 35-ші аптасында түскен екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық келіншек алтыншы перзентін инфекциялық стационарда босанды

«Алғашқыда әлсіреу,​ қатты қалтырау байқалды. Кейін мобильді топты үйге шақырып, коронавирустық инфекцияға ПТР сынамасын тапсырдым. Үш күн үйде амбулаторлық ем алдым. Төртінші күні температура 38 градусқа дейін көтерілген соң жедел жәрдем шақыруға тура келді»,  дейді Нұргүл Оңғарбаева.

№2 облыстық ауруханадағы инфекциялық стационардың босандыру залында Нұргүл Оңғарбаеваның 6-сәбиін өміре әкелді. Дәрігерлер анасы мен сәбиін аман сақтап қалу үшін кесір тілігі арқылы ота жасаған.

«Бұрын мен де, өзге тұрғындар секілді аурудың бар екеніне сенбедім.​ Бастапқыда оттегі түтігін кигім келмеп еді. Бірақ, жансақтау бөліміне түскенде​ амалсыздан киесің. Мұнда тәулік бойы кезекшілік етіп, адамдардың өміріне араша болып жүрген дәрігерлерді, медбикелерді көріп, бастапқы ойымнан айнып қалдым. Мейірімді дәрігерлердің құрметіне қызымыздың есімін Мейірім атадық», дейді Нұргүл Оңғарбаева.

Баспасөз қызметінің мәліметінше,​ инфекциялық стационарда 51 сәби өмірге келген. Қазір стационарда 8 әйел емделуде. Ал, 43 жас ана сәбиімен бірге үйіне шығарылған. Сәбилердің ешқайсысынан коронавирустық инфекция анықталмаған.