Қазақстан • 27 Мамыр, 2021

Жыл басынан бері 53 адам суға кетті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 53 адам, оның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болды. Былтыр осы кезеңде 77 адам суға кеткен, оның ішінде 18-і бала болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері 53 адам суға кетті

Су айдындарында барлығы 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.

«Суда қайтыс болудың басты себептері, жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде шомылу, ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы, суға абайсызда құлау және өз күштерін жетік бағаламау, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау, құтқару кеудешелерінсіз жүзу құралдарын (катамаран) пайдалану. Өткен аптада, 17-20 мамыр аралығында елімізде 12 адам суға кеткен, оның ішінде екуі - бала», деді спикер. 

Елімізде шомылу кезеңі 1 маусымда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады.