Руханият • 27 Мамыр, 2021

Ақтоты Райымқұлова Дүйсенбек Нақыптың отбасына көңіл айтты

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал ақын, жазушы, хореограф Дүйсенбек Нақыптың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтоты Райымқұлова Дүйсенбек Нақыптың отбасына көңіл айтты

«Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан белгілі ақын, жазушы, драматург, хореограф-либретташы, көптеген әдеби сыйлықтың иегері, Қазақстан хореографтар Кеңесінің төрағасы, киносценарист Дүйсенбек Тыныштықпайұлы Нақыптың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Дүйсенбек Нақыпов ұзақ жылдан бері түрлі өнер ошағында жемісті жұмыс істеп, талғампаз көрерменнің жоғары бағасын алған қойылымдардың сахналануына барын салған», деп жазылған министрдің көңіл айту хатында.

Министрдің айтуынша, танымал қаламгердің «Вечер века», «Время Ре», «Сирень на закате», өлеңдер жинағы мен «Песни моллюски» және тағы басқа кітаптары патша көңілді оқырманның кітап сөресінен ойып тұрып орын алады.

«Болмысы бөлек, ортасына сыйлы өнер майталманының асыл бей­несі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпі­рінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», деді Ақтоты Райымқұлова