Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 23.74 секундты көрсетіп, іріктеу қорытындысы бойынша бірінші орын алды.
Анастасия Резванцева 100 метрге шалқалап жүзуден 1 минут 05.66 секундты көрсетіп, финалға жолдама алды. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да өтеді.
Олимпиадаға лицензия алу үшін нормативті орындау қажеттігін еске саламыз.