Қазақстан • 27 Мамыр, 2021

Білім министрі магистратураны сырттай оқитын мұғалімдерді сынға алды

1177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық педагогикалық кеңес барысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов магистратура бітірген мұғалімдерге ай сайын 29 мың теңге қосылатындықтан білімін жетілдіруге ниет танытушылардың саны артқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім министрі магистратураны сырттай оқитын мұғалімдерді сынға алды

Бұл ретте ол көрші елдердің жоғары оқу орындарында онлайн немесе сырттай оқып алған диплом Қазақстанда жарамай қалуы мүмкін екендігін қатаң ескертті.

«Магистратураға түссеңіздер, онда кәдімгідей күндізгі бөліміне барып оқу керек. Егер басқа мемлекеттерде күндізгі бөлімге барып оқымаса, онда сұрақ туындайды. Ал Қазақстанның университеттерінде грантқа оқығандар бір бөлек, өздері төлеп немесе оқымай жүргендер бір бөлек. Сондықтан бұл мәселеде абай болыңыздар. Ертең алданып қалмаңыздар. Магистратура дегеннен кейін бәрі магистратураға құжат дайындап жатыр деген хабарды естіп отырмыз. Бұл мәселені байқау керек. Ертең магистратура дипломы жарамай қалса, онда өздеріңіз өте ыңғайсыз жағдайға ұрынып қаласыздар», деп ескертті Асхат Аймағамбетов.