Аймақтар • 27 Мамыр, 2021

Атырауда 8-қабаттан секірген бойжеткен көз жұмды

1529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында 19 жастағы бойжеткеннің 8-қабаттан секіріп, көз жұмуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 8-қабаттан секірген бойжеткен көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бүгін, 27 мамырда сағат 17:00 шамасында болған.

«Бүгін 2002 жылы туған бойжеткен «Алмагүл» шағын ауданындағы №18 үйдің 8-қабатынан секіріп кетті. Ол оқиға орнында мерт болды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 105-бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.