Оқиға • 28 Мамыр, 2021

Украина қазақтарының алғашқы құрылтайы

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ­стан­ның Украинадағы елшілігі мен қазақ диаспорасы бір­лесіп, Киев қаласында сол елде тұратын қазақ­тардың алғашқы құрылтайын өткізді.

Украина қазақтарының алғашқы құрылтайы

Құрылтайда Қазақстанның Украина­дағы елшісі Дархан Қале­таев құттықтау сөз сөйлеп, ағайындарға атажұрттың ыстық сәлемін жеткізді.

Аталған іс-шараға Украи­наның этносаяси және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің төрағасы Елена Богдан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты, Қазақстанмен ынты­мақтастық жөніндегі парла­мент­аралық топтың мүшесі Сер­гей Нагорняк арнайы қатысты.

Құрылтайдың екінші бөлі­мінде Киев қаласындағы «Дос­тық» Қазақ мәдени қоға­мы­ның басшысы Данияр Егамбердиев, Харьков қаласын­дағы ұлттық «Бірлік» ҚБ басшысы Макка Қаражанова және қазақ диас­порасының өкілі Рүстем Жанғожа шеттегі ағайындар атынан сөз сөйлеп, атажұртпен арадағы рухани, мәдени, эконо­микалық байланыстардың артуына күш салатындарын айтты. Сондай-ақ екі елдің татулығының арқасында талай белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Этностық өнер қайрат­керлері қауымдастығы басқар­масы­ның президенті, Украи­наның еңбек сіңірген әртісі Инеш Кдырова өз сөзінде украин және қазақ халықтарының берік дос­тық қарым-қатынасына ризашы­лығын жеткізді.

Сонымен қатар құрылтай соңында жаңа қауымдастық басшысы сайланып, осыған дейін атқарылған бағдарламалар мен жобаларға қатысты ұсыныс-пікірлер талқыланды және дүние жүзіндегі қазақтарға Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елде жүргізіліп жатқан түрлі рефор­­маларға қолдау білдірілген  арнайы үндеу жолданды.

Одан бөлек, қоғамдық жұмыс­қа белсене араласқан ағайындар Қазақстанның Украинадағы ел­шісі мен «Отандастар қорының» алғыс хатымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20