Аймақтар • 28 Мамыр, 2021

Атырауға вакцина тасымалдайтын мұздатқыш камералар жеткізілді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тасымалдайтын 5 мұздатқыш камера жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауға вакцина тасымалдайтын мұздатқыш камералар жеткізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұдан бұрын «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен көлемі мен сыйымдылығы әр түрлі 28 мұздатқыш камерасы жеткізілген. Енді тағы да 5 мұздатқыш камерасы алынып отыр.

«Аталған компания 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға медициналық жабдықтар мен коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын құралдарды сатып алуға демеушілік қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Атырау облысының тұрғындары үшін 648 мың жеке қорғаныс құралы, 56 оттегі концентраторы, 252 медициналық жабдық, 20 өкпе жасанды желдету аппараты, сондай-ақ 4 ПТР-сынамасының қондырғысы сатып алынды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.