Бокс • 28 Мамыр, 2021

Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата 28 желтоқсан күні Токиода орта салмақтағы чемпиондық титул үшін бірлескен жекпе-жек өткізетіні туралы түбегейлі келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

39 жастағы Головкин (41-1-1, 36 КО) – IBF және IBO титулдарының иегері, соңғы айқасын 2020 жылдың желтоқсанында өткізді. Жетінші раундта поляк Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді. Ол мансабында бір-ақ рет мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан.

35 жастағы Мурата (16-2, 13 КО) – WBA нұсқасы бойынша әлем суперчемпионы.

Бұдан ертерек Головкин мен Муратаның бір кардта осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өнер көрсететіні хабарланған болатын. Олардың қарсыластарының аты әлі жария етілмеді. Ал екеуінің жекпе-жегі Жаңа жылдың қарсаңына, 31 желтоқсанға жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55