Қоғам • 28 Мамыр, 2021

Тұрғын үй құрылыстары тоқтап қалуы мүмкін

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен салынатын тұрғын үй бағасын қайта қарау қажеттігі туындап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үй құрылыстары тоқтап қалуы мүмкін

Атап айтқанда, соңғы екі жылда мемлекет пен құрылыс компаниялары жасаған келісімшарттардағы бағаны өзгерткен абзал. Баспана құнының өсімі мен оның себептерін талдауға арналған басқосуда Қазақстанның құрылысшылар ассоциациясының басшысы осындай ұсыныс тастады. Мұндай ұсыныс жасауға нарықтағы құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп болған.

Виктор Микрюковтың айтуынша, маусымнан бастап елордалық кәсіпорынның бірі темір бетон өнімдерін 10%, ал бетон қоспасын 30% өсірмек ниетте. Онсыз да көршілес Қытай мен Өзбекстандағы қарқынды құрылыс экспорттық материалдың құнын өсірген еді. Сол себепті бұрынғы жобалық бағамен үй салу құрылысшылар үшін тиімсіз болып тұр. Жағдай осылай жалғаса берсе, көптеген құрылыс тоқтап қалу қаупі бар.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша биыл төрт айдың өзінде бастапқы баспана бағасы 5,5% қымбаттаған. Бұған құрылыс материалдарының қымбаттауы бірден-бір себеп.