Хоккей • 28 Мамыр, 2021

«Барыс» швециялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швециялық қорғаушы Олле Альсинг «Барыс» хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» швециялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт бір маусымға жасалды (2022 жылдың 30 сәуіріне дейін). 25 жастағы қорғаушы мансабының басым бөлігін өз елінде өткізді. Швецияның түрлі клубтарында ойнаған. 2020-2021 жылғы маусымында Альсинг Солтүстік Америкаға сапар шегіп, «Оттава» клубының жүйесінде өнер көрсетті.