Қазақстан • 28 Мамыр, 2021

Экологиялық мәселелерге арналған You Tube арна ашылды

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәселелерге арналған «Киелі табиғат» атты жаңа You Tube арнасы іске қосылды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Экологиялық мәселелерге арналған You Tube арна ашылды

«Бүгін «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы аясында жаңа You Tube арнасын іске қостық. Аталған интернет кеңістігінде қалдықтарды сұраптау мен басқа да эко әдеттерге баулитын бейнероликтер, бейнесабақтар жарияланатын болады. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ «Киелі табиғат» You Tube арнасында қоғамдағы өткір экологиялық тақырыптарға арналған әлеуметтік бейнероликтер де орын алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру керектігін бірнеше рет баса айтқан болатын. Осы орайда жұмысты жасөспірімдерден бастаған жөн», деді «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Динара Сәдуақасова.

Оның айтуынша, қоғамның экологиялық сауаттылығын арттыру қозғалысына көпшілік қауымға танымал эко-амбассадорлар, белсенділер сонымен қатар қоғамдық ұйымдар жұмылдырылады.