Іс-шара аралас форматта өтті. Залда отырған бірқатар шет мемлекеттердің елшілерінің, дипломатиялық корпус өкілдерінің, сарапшылардың және іскери қауымдастықтың қатысуымен «Мадрид Казиносының» ресми «Youtube» каналында тікелей эфир өтті.
Өз сөзінде Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов жиналғандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының негізгі тұстарымен, әрқайсысы мемлекет тарихындағы ерекше орынға ие болған Қазақстан Республикасының 30 жыл ішіндегі жетістіктерімен таныстырды.
К. Жигалов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік таңында туындаған ауқымды міндеттерді шешудегі, дербес Қазақстандық жолды қамтамасыз етудегі және елді дамыған өңірлік қуатты күшке айналдырудағы орасан зор рөлін атап өтті. Елбасының негізгі сыртқы саяси бастамаларының жүзеге асырылуы Қазақстанның халықаралық беделін айтарлықтай нығайтқаны туралы егжей-тегжейлі атап өтті.
Қатысушылардың назары Қазақстан басшылығының елді одан әрі жаңартуға бағытталған стратегиясына, Президент Қ. Тоқаевтың үш саяси реформалары пакетінің дәйектілігіне аударылды.
Арнайы дайындалған видео презентация арқылы Қазақстанның экономикалық дамуы, елдің инвестициялық және туристік мүмкіндіктері туралы жүйеленген ақпарат берілді.
Тең баяндамашы ретінде Дипломатиялық академияның төрағасы – «ХХІ ғасырдағы дипломатия» журналының бас редакторы Сантьяго Вело де Антело болды. Ол Испания жұртшылығы Елшілік өткізген бірқатар іс-шаралардың арқасында Қазақстан туралы бай тарихи дәстүрлері мен орасан зор экономикалық әлеуеті бар мемлекет ретінде көбірек білетіндігін атап өтіп, өзі басқаратын басылымның Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған арнайы шығарылымның видеоматериалын көрсетті.
Испан тіліндегі имидж-стендтің жарияланымдары іс-шараға қатысушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болды, оның ішінде Президент Қ. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» мен «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақалалары, Елбасы Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» және «Қазақстан жолы» кітаптары, сондай-ақ Абайдың «Қара сөздері» және қазіргі қазақстандық проза мен поэзия антологиясы.