Әлем • 29 Мамыр, 2021

Үндістанда 22 адам алкогольден уланып көз жұмды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 22-ге жуық адам алкогольден уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанда 22 адам алкогольден уланып көз жұмды

Билік орындарының мәлімдеуінше, штаттың батысындағы Алигарх қаласында болған оқиғаға байланысты алкоголь сататын бес дүкен жабылған. Олардан ішімдіктің үлгілері алынып, зертханалық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға жол бергені үшін Уттар-Прадеш штатының акциз департаментінің кейбір лауазымды тұлғалары жұмыстан шеттетілді.