«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09-34-те 2010 жылы дүниеге келген қызды тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орын алған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған. Қазіргі уақытта Республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуде», деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, зардап шеккен оқушы қызға медициналық көмек көрсету үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның авиациялық техникасымен Алматы қаласының ауруханаларының біріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.