Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Анкара қаласының мэрі Мелих Гокчекпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Әңгімелесушілер екі ел президенттері қол қойған Стратегиялық әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру шеңберіндегі Қазақстан-Түркия сауда-экономикалық қызметтестігінің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.
Сол сияқты екі елдің астаналары арасында достық байланыстар орнату туралы келісімге сәйкес Астана мен Анкара қалаларының өзара қарым-қатынасын әрі қарай жетілдіру жөнінде пікір алмасылды.
Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қызметтестікті одан әрі дамыта түсуге өзара мүдделілік білдірді.