Отқа оранған саяжайлардың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
«30 мамырда сағат 11:08-де Павлодар қаласы, «Металлург» саяжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс жанып жатыр, өрттің аумағы белгіленуде. Оқиға орнында жеке құрамның 20 адамы мен 6 техника жұмыс істеуде», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.