Оқиға • 30 Мамыр, 2021

Қарағанды облысында көлікпен соқтығысқан велосипедші қайтыс болды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Саран қаласында көлікпен соқтығысқан велосипедші араға үш күн салып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында көлікпен соқтығысқан велосипедші қайтыс болды

2021 жылғы 26-27 мамырға қараған түні сағат 1.20 шамасында Қарағанды облысының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі Саран қаласында автокөлік жүргізіп келе жатып, велосипедшіні қағып кетті. 30 мамырда зардап шеккен адам алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.

«Алдын ала тексеру көрсеткендей, велосипедші қозғалыс барысында қарсы жолаққа шығып кетіп, әскери қызметшінің көлігімен соқтығысқан. Жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Куәландыру барысында көлік жүргізген әскери қызметшінің алкогольдік мас күйі анықталған жоқ», деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.