Әлем • 31 Мамыр, 2021

Ресей Беларусьті қолдау мақсатында қарыз берді

259 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропа ел­де­рінің Бе­ла­русь­ке санкция салуына бай­ланысты Ресей президенті Владимир Путин қолдау ретінде 500 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз беруге келісті.

 

Ресей Беларусьті қолдау мақсатында қарыз берді

Бұл шешім президент Лука­шен­комен екі күнге созыл­ған келіссөз нәтижесінде қабыл­дан­ды. Келіссөз Сочиде Қара теңіз­дегі кемелердің бірінде өтті.

Бұл қаражат Мәскеудің Бела­руське екіжақты қарым-қатынасты нығайту, серіктестікті дамыту мақ­сатында қарызға берілетін 1,5 млрд АҚШ доллардың бір бөлігі. Минск бұл келісімнің бірінші бөлігін, яғни 500 млн долларды қазан айында алған еді. Енді екінші траншты маусымға дейін алып үлгеретіні мәлім болды.

Путин болса, еуропалық әріп­­­тестерінің ұшаққа қатысты оқиғаға жауабын сынға алды. Пре­зиденттің ойынша, бұл – эмоцияға беріліп жасалған әрекет. Ресей өз кезегінде, керісінше, Бела­руське қатынайтын ұшақтар санын арттырмақ. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Бұл шешім Беларуське санк­ция салдарынан келетін шығынды азайтуға көмектеспек», дейді.

Екі күнге созылған кемедегі кездесуде Путин мен Лукашенко әуе қатынасы мен «Белавия» ком­­­па­ния­сының ұшатын бағыт­тарын талқылады. Екі елдің көлік министр­ліктері әуе қатынасының жаңа жоспарын дайындайтын болды. «Белавияның» елге оралу бағы­тын қайта қарастыру керек. Ол үшін барлық мүмкін бағыт­тар есепке алынады», деді Ресей тарапы.

Сонымен қатар Дмитрий Пес­ков президенттер ұшақта болған Протасевич пен Сапеганың да жа­йын талқылады. Д.Песков бұл та­қырыпты Владимир Путин өзі көтергенін, Ресей азаматы Сапе­ганың тағдыры оларды бей­жай қалдырмайтынын хабарлады.

«Кремль Сапеганың Бела­русьте тұруға рұқсаты барын енді білді. Дегенмен бәрі заң аясында шешілуі керек. Президент Путин Сыртқы істер министріне аза­матымыздың ісін бақылауға алып, назардан шығармау жө­нін­де тапсырма берді», деді Д.Песков.