Президент • 16 Шілде, 2025

Мемлекет басшысы Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады

1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады. Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады

Фото: Ақорда

Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.

Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50

Лондондағы Мисс Кәусар

Қоғам • Бүгін, 13:45