28 Сәуір, 2010

Қостанай облысынан шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабар

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау болды. 2 кандидат дауысқа түсті. 300 таңдаушыдан дауыс беруге 287 немесе таңдаушылардың жалпы санынан 95,67 пайызы дауыс беруге қатысты. Берілген сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан бір сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды. Қостанай облысынан шығып қалғанның орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыстарды санаудың мынадай нәтижелері белгіленді: Мұратов Асқар Аронұлына 21 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыстарының 7,3 пайызы; Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлына 265 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыстарының 92,7 пайызы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып 1962 жылы туған, қазақ, Қостанай қаласында тұратын, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы сайланды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.