Аймақтар • 31 Мамыр, 2021

Атырауда екі тәулікте 1 924 адам вакцина салдырды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірде коронавирусқа қарсы вакциналарды салдыру әлі де баяу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі тәулікте 1 924 адам вакцина салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 29-30 мамырда жергілікті 1 294 тұрғын «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін салдырыпты.

«Биылғы 1 ақпан-30 мамыр арадығында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін 55 475 адам ектірді. Вакциналардың ІІ компонентін 21 715 адам алды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.