Экология • 31 Мамыр, 2021

«Жасыл ел» 1500-ден астам қарағандылықты жұмыспен қамтиды

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Жасыл ел» жобасы аясында 1500-ден астам қарағандылықты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл ел» 1500-ден астам қарағандылықты жұмыспен қамтиды

Облыстық штабтың жетекшісі Дәулет Естановтың айтуынша, олар аудан-қалаларды көріктендіру, абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Жоба Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Жасыл ел» отрядтары 20 жыл бойы ел аумағында табысты жұмыс істеп келеді. Облыстық штабтың басты мақсаты – қалалық және аудандық штабтардың жұмысын үйлестіру. Сондай-ақ «Жасыл ел» жауынгерлеріне ақы төлеу жағын қарастыру. Бұдан бөлек, облыстық штаб жастардың еңбек маусымына қатысуына қашықтықтан мониторинг жүргізеді»,  дейді Дәулет Естанов.

Еске сала кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы Қазақстан аумағында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Бағдарлама Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жастарды жазғы жұмысқа тарту мақсатында қолға алынды. Соңғы 3 жылда «Жасыл ел» жобасы аясында Қарағанды облысының аумағында 3 500-ден астам көшет отырғызылды.