Әлем • 31 Мамыр, 2021

Қытай билігі үшінші балаға рұқсат берді

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай билігі бала тууды шектеу саясатын жеңілдетіп, үш бала тууға рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай билігі үшінші балаға рұқсат берді

Мұндай өзгеріс президент Си Цзиньпин төраға болған Саяси бюро отырысында мақұлданды.

Қытай бала туу саясатын одан әрі оңтайландыру үшін отбасыда үшінші балаға рұқсат берді.

Билік жаңа шешім халықтың тез қартаю мәселесін ескере отырып, елдің демографиясын жақсартуға ықпал етеді деп санайды.

«Саясаттың өзгеруі қолдау шараларымен бірге жүреді. Бұл халық құрылымын жақсартуға, қартайған халыққа белсенді қарсы тұру стратегиясын орындауға және адам ресурстарының артықшылығы мен қауіпсіздігін сақтауға ықпал етеді», дейді Си Цзиньпин саяси бюро отырысында.

Айта кетейік, Қытайда 1979 жылдан 2015 жылға дейін «бір отбасы - бір бала» саясаты қолданылған. Кейін 2016 жылы ел билігі бұл шектеулерді жеңілдетуді ұйғарып, ерлі-зайыптыларға екі балалы болуға рұқсат берген еді.