Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Ashyq вокзалдарға орнатылуы мүмкін

314 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы темір жол вокзалдары Ashyq жобасына қосылуға ынталы болып отыр. Таяуда облыстық кәсіпкерлер палатасында еліміздің бас санитарлық дәрігерінің 22 мамырда жариялаған №22 қаулысы талқыланған. Осы жиынға қатысқан темір жол вокзалдарының өкілдері Ashyq туралы ашық мәселе көтерді.

Ashyq вокзалдарға орнатылуы мүмкін

Қостанай, Железорудный, Құс­мұрын, Аманқарағай, Қой­бағар, Тобыл, Лисаков темір жол бекеттері вокзал шаруа­шылық­та­рының атынан сөй­леген Гүлнар Райымбекова:

– Қостанай облысында жолаушылар тоқтаусыз ағылып жатқан, келімді-кетімді адам­ға жиі толып кететін вок­зал­­­дар көп. Бізде жолау­шы­лар­дың денсаулығын тап басып анық­тай алатын мүм­кіндік жоқ. Сондықтан жан-жақ­тан ағы­лып жатқан адамдар жол тоқайластыратын темір жол вокзалдары Ashyq жобасына ең алдымен қатысуы тиіс деп ойлаймыз. Алайда бас санитарлық дәрігердің соң­ғы қаулысында темір жол вок­залдары туралы еш­теңе айтыл­маған. Қазір не істе­рімізді білмей отырмыз, – деді.

Облыстық кәсіпкерлер пала­­тасының директоры Мұрат Әбеновтің сөзінше, дәл қазір Ashyq жобасына қаты­судың екі-ақ жолы бар екен.

– Егер сіздер Ashyqqа да­йын болсаңыздар, біз өз тарапымыздан жобаны енгізуге және алгоритмін түзуге көмек бере аламыз. Бұл жобаға ерік­ті түрде қатысқысы келде­тін­дер­ге қатысты. Ал Ashyqqа Үкі­мет жанынан жұмыс іс­теп жат­қан салааралық комис­сия­ның келісі­мімен қатысу жөніне келетін бол­сақ, онда сіздер Ashyqty Қос­танай об­лы­сындағы темір жол вок­зал­дарына қанатқақты жоба ретінде енгізу туралы ұсы­ныс бере аласыздар, – деді М.Әбенов.

Темір жол вокзалдарының өкіл­дері бұл мәселені жиын аяқ­тала салысымен, дәлі­рек айт­сақ, 25 мамырда рес­пуб­лика дең­гейінде көтерді. Мұны «Атамекен» ҰКП төраға­сының орынбасары Юлия Якупбаева да атап өтті. Оның айтуынша, Ashyq жо­басына қосылмас бұрын темір жол вокзалдарын­да алдын ала дайындық жұ­мыстары жүргізілуі тиіс екен. Осыған бай­ланысты бұл мә­се­­ле сәл кейінге шегеріліп, ін­детке қар­сы күрес жөніндегі сала­аралық комис­сияның таяу күндері өтетін оты­рысында қаралатын болып шешілді.

Облыстық кәсіпкерлер па­ла­­тасының мәліметінше, бү­гін­гі таңда өңірде Ashyq жо­ба­­сына 232 кәсіпорын қаты­сып жатыр.

– Қазір жобаға қатыс­қы­сы келе­тіндердің жалпы ті­­зімі жаса­лып жатыр. Ын­та біл­­­дірушілерден күн сайын­ өті­німдер келіп түсу­де. Ashyq мобильді қосымша­сына қа­тысты сауалы бар кәсіп­кер­лердің 8 7142 394208 және
8 777 268 47 08 нөміріне хабар­ласуына бо­лады. Біз мәсе­ленің бәрін түсін­діріп, көмек­тесеміз, – деді облыс­тық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Генадий Кукоба.

Ал аймақ басшысы Ар­химед Мұхамбетов облыс­тық жедел штаб отырысында өңір кәсіп­керлерінің Ashyq жоба­сының мәні мен пайдасын әлі де дұрыс түсінбей отырғанын ескертіп, облыс тұрғындарын індетке қарсы ортақ жобаға белсенді атсалысуға үндеді. Сонымен қатар қалалар мен аудандар әкімдеріне осы ба­ғыттағы жұмысты күшейтіп, жобаның жүзеге асырылуын бақы­лауға алуды, ақпараттық-тү­сіндіру жұмыстарын жүр­гізуді тапсырды.