Бокс • 01 Маусым, 2021

Василий Левит Азия чемпионатының күміс медалін тағудан бас тартты

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Дубайдағы Азия біріншілігінде Қазақстанның ерлер құрамасы бес күміс медаль еншіледі. Шешуші сында жерлестеріміз өзбек спортшыларына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Василий Левит Азия чемпионатының күміс медалін тағудан бас тартты

Атап айтсақ, 49 келідегілер арасында Даниял Сәбит Нодиржон Мирзахмедовке жол берсе, 69 келі салмақ санатында Абылайхан Жүсіпов Бобо-Усмон Батуровтан ұтылып қалды. 75 келіде жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл Саиджамшит Жафаровтан айласын асыра алмады.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та қарсыласынан басым түспеді. Ел үміт артқан ауыр салмақ санатындағы Василий Левит төрешілер шешімімен үндістандық Санжиттен жеңілді.

Ал марапттау рәсімінде Азияның үш дүркін чемпионы Василий Левит күміс алқаны тақпағанын көпшілік оның «төрешілер шешіміне наразылығы» деп түсінді.

\