Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Атырау облысында жаңа үлгідегі спорт алаңы ашылды

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде жаңа үлгідегі спорт алаңы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында жаңа үлгідегі спорт алаңы ашылды

Жаңа спорт алаңы Ш.Уәлиханов мектебінің ауласында былтырғы қазанда басталыпты.

«Спорт алаңының құрылысын «ТеплоИнжСтрой» ЖШС жүргізді. Жалпы аумағы 0,377 гектарды құрайтын ашық алаңда футбол, баскетбол, волейбол, алғашқы әскери дайындық және Street Workout алаңшасы орналасқан. Ойын алаңдары жасанды көгалмен, жаттығу орындары арнайы жабындымен қапталды. Жарық шамдары орнатылды», дейді аудан әкімінің орынбасары А.Мусағалиев.

Оның айтуынша, мұндай спорт алаңдарын С.Сейфуллин, М.Әуезов, «Көктем» қазақ орта мектептерінің ауласына салу жоспарланыпты. Қазір жобаның сметалық-құжаттамасы дайындалған.