Елорда • 01 Маусым, 2021

Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше көшесінде 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін ауыз су өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың бірнеше көшесінде су өшіріледі

«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, «Астана су арнасы» МКК 2 маусым күні 21:30-дан 3 маусым 09:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетінін хабарлайды. ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта су беретін д=600мм ауыз су құбырындағы қысым реттегішті демонтаждау жүргізіледі. Осыған байланысты Байқоңыр ауданы бойынша Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптарында, Пушкин көшесінде, 69 көшесінде, Алаш тас жолы және Әл-Фараби даңғылында, ЖЭО-1-де ауыз су беру тоқтатылады», делінген «Астана су арнасы» МКК хабарламасында.

Сонымен қатар 3 маусым күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты су төмен қысымда берілетіні айтылған.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сондай-ақ ауыз су қорын жеткілікті мөлшерде құйып алу қажеттігін еске саламыз», делінген хабарламада.