Елорда • 02 Маусым, 2021

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған тағы бір бульвар ашылды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жастар» сарайынан басталатын жол жастар музыкалық театрына дейін созылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған тағы бір бульвар ашылды

Бұл «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында жүзеге асты. Жалпы биыл бас қалада 160 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған.

Жаңа арбат Жақып Омаров көшесінің бойында орналасқан. Мұнда халықтың тынығуына, балалардың шынығуына барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ балаларға арналған субұрқақтар мен ойын алаңдары да бар. Енді Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейінгі бөліктегі субұрқақ қайта жаңартылады, және «Халықтар достығы» монументінің айналасында жаңа субұрқақ кешені пайда болмақ.

«Жаңадан салынған бульвар жоспарымызға сәйкес Ә.Мәмбетов көшесімен жалғасып, онда Нұр-Сұлтан қаласында ең бірінші жаяу жүргіншілерге арналған көше пайда болмақшы. Осы айдың бірінші декадасында техникалық ашылуы болады», дейді Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен.