Әлем • 02 Маусым, 2021

Швейцария туристерге елге кіру ережесін жеңілдетпек

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцария туристерге елге кіру ережелерін жеңілдетуді жоспарланып отыр. Елдің Федералды кеңесі үкіметке коронавирусқа қарсы вакциналаудан өткен немесе онымен ауырған туристер үшін карантин міндеттемелерін алып тастауды ұсынды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Швейцария туристерге елге кіру ережесін жеңілдетпек

Мұндай шара шектеулерді жоюдың төртінші кезеңін аяқтау аясында алты айға енгізілуі мүмкін.

Бірақ ЕО-ның көптеген елі сияқты, Швейцария Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) рұқсат еткен вакциналарды ғана мойындады. Олардың арасында Қазақстанның «QazVac», ресейлік «Спутник V» препараттары жоқ. Бұл біздің саяхатшыларымыз Швейцарияға келгенде міндетті карантиннен босатылмайды дегенді білдіреді.

Еркін кіру туралы ереже ауыр эпидемиологиялық жағдайы бар елдерден келген қонақтарға, тіпті коронавирусқа қарсы екпе салдырған болса да қолданылмайды.