Қоғам • 03 Маусым, 2021

Тәрбие басы – отбасы

966 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр балаға отбасынан артық қорған жоқ. Ата-ана үшін үйінің берекесін кіргізіп, ынтымағын сақтау, мейір-шапағатын төгіп, жылылықты қамтамасыз ету – тәрбиенің басы.

Тәрбие басы – отбасы

Жақында Халықаралық бал­аларды қорғау күні қар­саңында Президент жанын­дағы Қазақстанның страте­гиялық зерттеулер инсти­туты отбасы және балалар мә­се­лесіне қатысты жүргіз­ген әлеу­меттік сауалдамасы­ның қоры­тысындысын жа­рия етті. Республика көлемін­де жүргізілген бұл зерттеуге 18 және одан жоғары жастағы 6 800 қазақстандық қатыс­­қан. Олардың 82,3%-ы – отба­сылы адам, яғни жұбайы­мен бірге тұрады немесе бұ­рын тұрғандар. Ал үйленбеген, бойдақ респонденттердің үлесі 17,7%-ды құрады.

Сауалдамаға қатыс­қан­дар­дың 76,6%-ы ата-аналар екен. Бұл ретте олардың 58,7%-ын­­да кәмелетке толмаған бала­лары бар, ал 17,9%-ының ба­ла­лары кәмелетке тол­ған. Рес­­­­понденттердің 12,8%-ының төрт және одан да көп ба­ла­­сы бар, яғни көпбалалы от­басылар.

Сауалдама барысында азаматтарға «Сіз өмірде ба­қы­тты отбасын құрып, жақ­сы балаларды тәрбиелей алды­ңыз ба?» деген сұрақ қойыл­ған. Респонденттердің басым көпшілігі бұл сұраққа оң жауап беріпті. Сонымен қа­тар қа­тысу­шылардың 67,7%-ы бақытты отбасын құрып үлгерген және респон­денттердің 24,1%-ы бақытты отбасы құра алатынына сенімді.

Ал баланың тәрбиесіне қатысты көзқарасқа келсек, рес­пон­денттердің 61%-ы бала­­­ларын жақсы тәрбиелеп отыр­­мыз деген пікір білдірген. Та­ғы 31,7%-ы өз балаларын жақсы тәрбиелей алатынына сенімді.

Жалпы, бала тәрбиелеуде ақыл айтқанмен қатар, ісің­мен де үлгі көрсету маңыз­ды. Осы орайда баласы­­­ның үлгеріміне келгенде мұ­ғалі­міне үнемі мін тағатын ата-аналардың да жиі кездесетіні белгілі. Алайда сол ата-аналардың көбі үйін­де кітап оқи бермейді. Атал­ған институт осы мәселеге қатысты да әлеуметтік сауалдама жүргізіп, некеде тұрған әрбір екінші азаматтың кітап оқымайтынын көрсетіпті. Үйленген респонденттердің тек 5%-ы ғана күн сайын кітап оқиды екен.

Сондай-ақ кішкентай және ересек балалары бар, еш­қашан кітап оқы­майтын респонденттердің үлесі өте жоғары екен. Атап айт­қанда, от­ба­сы­ларында төрт және одан көп баласы барлар­дың – 43,7%-ы, бір баласы барлардың 53,7%-ы, ал кә­ме­­летке толған балалары бар респон­денттердің 56,3%-ы кітап оқымайды.