Қазақстан • 03 Маусым, 2021

Денис Теннің өлімі: Бостандыққа шыққан Жанар Толыбаева қайта қамалды

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Денис Теннің өлімі: Бостандыққа шыққан Жанар Толыбаева қайта қамалды

© Sputnik / Тимур Батыршин

2021 жылдың басында Толыбаеваны нақты мерзімді бас бостандығын шектеуге ауыстыра отырып, үкімін жеңілдеткен. Жанар Толыбаеваның айтуынша, оны колониядан шығарған аудандық сот жәбірленуші тарапқа оның өтініші туралы хабарламаған. Ол бостандыққа шыққаннан кейін Денис Теннің туыстары шағым түсіріп, 2021 жылдың сәуірінде сот шешімімен Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге жабылды.

Заңға сәйкес ауыр қылмыс үшін сотталған кез келген азамат жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады. 2019 жылдың желтоқсанында Толыбаева осы құқығын пайдаланған. Осылайша 2020 жылы жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Алайда араға бір жыл үш ай салып оны қайтадан түрмеге қамады.

Ол қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.

Арман Құдайбергенов Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық», 192-бабы «Қарақшылық» және 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Ал Нұралы Қиясовқа «Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жанар Толыбаева 434-бап «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45