Әлем • 03 Маусым, 2021

Зағип жандарға арналған ақылды аяқ киім шығарылады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аяқ киім 3 метр алда тұрған кедергіні сезіп, иесіне ультрадыбыс арқылы ескерту жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зағип жандарға арналған ақылды аяқ киім шығарылады

Вибрация аяқ киімнің ішінде немесе смартфонда жасалады. Бұл қолға ұстаған таяққа қарағанда ұтымдырақ. Негізі құрылғы 2 бөліктен тұрады. Бірі тұтас аяқ киім түрінде. Екіншісі тұмсығына ғана кигізетін қыстырғыш ретінде. Бағасы – 3 мың 800 еуро.

«Тумысымнан көзім нашар көреді. Ұзақ уақыт бойы түрлі құралдарды қолданып көрдім. Бірақ ешбірі көңілден шықпады. Содан аяқ киім ішіндегі ескерту жүйесі туралы іздене бастадым. Өзіме бірден ұнады. Негізі неше түрлі идеялар жетіп артылады ғой. Бірақ өміршең болатыны мүлде аз», дейді кәсіпкер Маркус Раффер.