Орал қаласында биыл жыл соңына дейін 20 спорттық және ойын алаңы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақында Орал қаласының үш ауданында спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары пайдалануға берілді. Балаларды қорғау күні аясында ашылған бұл нысандар қала балалары үшін үлкен сый болғаны анық.
- Қаламызда көпқабатты үйлердің аулаларын жаңарту, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ойыны мен жаттығулар жүргізуіне қолайлы жағдай жасау бағытында көп жұмыс жасалып жатыр. 2021 жылдың аяғына дейін тағы 16 алаңды пайдалануға береміз. Бұл алаңдардың құрылысын қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен «Жайық Сити» мекемесі атқаруда, - дейді Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев.
Жастар мен балалардың қуанышын бөлісуге Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, мәслихат депутаттары қатысты. Айта кетейік, жаңадан ашылған алаңдарда ең кішкентай бүлдіршіндерге арналған ойын кешенінен бастап, жасөспірімдер мен ересектердің спортпен айналысуына қажетті құрылғының бәрі бар.
Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысының орталығында 60-тан астам спорттық алаң халыққа қызмет көрсетіп тұр. Соның 50-і «Орал» спорт клубының балансында. Спорт алаңдары, қысқы және жазғы ойын қораптары аудандар мен ауылдарда да жаппай ашылып жатыр. Бұл халықты, әсіресе жастарды салауатты өмір сүруге, спортқа баулуға әсер етеді.
Батыс Қазақстан
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 13:38
Алматыда алаяқтық дерегіне қатысты күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:23
Елімізде бір жылда қант 86,6% қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 12:51
Жер кадастры базасының жұмысы толық қалпына келтірілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Өскеменде есірткі тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:12
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елорда • Бүгін, 11:58
Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Головкин мен Альварес бір айдан соң рингте кездеседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 11:48
Ақмолада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Жыл соңына дейін елімізде 5 ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 11:16
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 10:59
Семейде есірткі сатқан студенттер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Қаржы • Бүгін, 10:17
Шымкентте мақта өңдейтін зауыттан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:49
Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Өзбекстанда газ баллоны жарылып, алты адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:22
Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
Теннис • Бүгін, 09:16
COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар