Жасырын цехта бөліп құю және тығындау аппаратының көмегімен жасанды хош иіс, бояғыш және кран суын қолданып, құрамында спирті бар сұйықтық өндіріп, оны «Айдабульская» арағы және «Миндальный» коньягы түрінде сатылымға шығарған.
СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер цехты ұйымдастыруға, қолдан жасалған ішімдікті сатуға және жеткізуге қатысты адамдарды анықтады. Алты мекенжайды тінту барысында 24 бес литрлік пластикалық контейнер, 28 текшелі контейнер, 76 бірлік 200 литрлік кегтер және басқа да спирт құйылған ыдыстар тәркіленді.
Сондай-ақ жалпы сомасы 114 млн астам теңгені құрайтын 40 мың литрден астам спирт тәркіленді. Осы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.