Алдын алу шарасын өткізу кезінде полицейлер 1229 мекенжайды тексерген. Оның нәтижесінде бес мыңға жуық адам тіркелген 58 пәтер анықталды. Тұлғаларды көптеп тіркеуге жол берген пәтер иелеріне қатысты әкімшілік шаралар қабылданған.
Үй иелерінен жалған түрде тіркелген азаматтарды тіркеуден алып тастау өтініштері алынды. Өз пәтеріне ең көп адамды заңсыз тіркеу жағдайлары Нұр-Сұлтан қаласының сол жақ жағалауында тіркелген. Мәселен, Есіл ауданының полицейлері иесі бір адам болып табылатын 10 мекенжайды анықтады.
Пәтерлердің иесі, ЭЦҚ арқылы азаматтарды тұрақты негізде заңсыз тіркеп отырған. Осылайша, ол пәтерлеріне 324 адамды тіркеген. Полицейлер құқық бұзушының әрекеттерін бақылауға алды, оған қатысты заңға сәйкес шаралар қолданылды. Полицейлер сондай-ақ жалған мекенжай бойынша шетелдік азаматтарды заңсыз тіркеу фактілерін жойған.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің 10 пәтеріне 324 адамды тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-та «үшінші жыныс» өкілдері спорттан шеттетілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 16:07
Сәтбаевта 900 бала балабақша кезегінде тұр
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Газа секторында тағы 73 адам көз жұмған
Әлем • Бүгін, 15:45
Алматы-Өскемен автожолында танк құлап, полиция көлігін зақымдаған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Ұшақ жолаушысы FlyArystan қызметкерін ұрып соққан
Оқиға • Бүгін, 15:32
Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған
Медицина • Бүгін, 15:18